Илон Масктың ақшасы бір апта ішінде 1,7 миллиард долларға артты

26 Қаңтар 2020, 16:46
4205
Бөлісу:
Илон Масктың ақшасы бір апта ішінде 1,7 миллиард долларға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Tesla мен SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың ақшасы бір апта ішінде 1,7 миллиард долларға артып, 32 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды kz Forbes. 

Бұл көлік шығаратын Tesla компаниясының биржадағы бағасының өсуіне байланысты, себебі ол бір апта ішінде 16 пайызға артты (жыл басынан бері - 30 пайыздан артық өскен). 

Нәтижесінде Tesla капитализациясы алғаш рет 100 миллиард доллар деңгейінен асып түсті. Бұл көрсеткіш нарықтық құны бойынша Ford және GM сияқты алпауыттарды басып озуға мүмкіндік берді. 

49 жастағы Масктың жағдайы 2019 жылдың қазанынан бастап 10 миллиард долларға артты. Оған Tesla акцияларының шамамен 22 пайызы тиесілі, ол әлемнің бай адамдарының тізімінде 28-ші орынды алады. Егер Tesla компаниясының нарықтық құны тағы жарты жыл ішінде 100 миллиард доллардан төмен түспесе, Маск одан сайын бай бола түседі. Өйткені компаниядан капитализациясының өсуі үшін оған сыйақы ретінде тағы 346 миллион доллар төленеді.

Өзгелердің жаңалығы