Илон Маск ғаламшараралық кеменің қозғалтқышын сынақтан өткізді

4 Ақпан 2019, 15:31
3448
Бөлісу:
Илон Маск ғаламшараралық кеменің қозғалтқышын сынақтан өткізді

Астана, BAQ.KZ. SpaceX компаниясының басшысы Starship кемесіне орнатылатын Raptor қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізгені туралы мәлімдеді. Бұл жөнінде РБК порталы хабарлайды.


Ол өзінің Twitter парақшасында Starship ғарыш кемесіне арналған Raptor зымыран қозғалтқышының бірінші рет іске қосылуы сәтті өткенін жазған. Осыған байланысты Илон Маск SpaceX командасына табысты жұмыс үшін алғыс білдірді.

Маск құбырдан шығып жатқан от түсірілген бейнежазбаны  жариялаған. Көрсетілгендей, сынақ Техастағы зауытта өткен.

Raptor қозғалтқышын компания бірнеше жыл бойы дайындаған болатын. Алайда, өткен жылдың желтоқсан айында Маск жаңа дизайнда оның мүлде жаңа нұсқасы пайда болғанын хабарлады. SpaceX негізін қалаушы қозғалтқышты модернизациялау Айға ұшу мерзімін жақындата түсетініне үміттенетін айтқан болатын. Маск мұндай саяхат 2023 жылы жүзеге асырылатынын мәлімдесе, жапониялық миллиардер Юсаку Маезава Айды айналып ұшуға бағытталған бұл ерекше саяхатқа билет сатып алып қойған. 

Маск одан әрі өз зымыранымен Марсқа дейін ұшып барып, Жер бетінде жаһандық соғыс туындаған жағдайда қажет болатын баспана салуды жоспарлап отыр. Алайда, бизнесмен мұндай саяхаттың қатері көп екенін де мойындады.
 

Өзгелердің жаңалығы