Бас жаңалықтар
Ілияс Оспанов: Отандық өндірушілер қолдауға мұқтаж
Сұхбат EX PHOTO
19 Қараша 2019, 18:25 1113

Ілияс Оспанов: Отандық өндірушілер қолдауға мұқтаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық өндірушілерді қолдаудың түрлі нұсқалары бар. "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру тобы директорының орынбасары Ілияс Оспанов қазақстандық өндірушілер үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын айтты. 

- "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы туралы айта кетсеңіз? 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.16 (1).jpeg

- Жоба үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жоба аясында инновациялық өнімдердің орташа статистикасын анықтау мақсатында жақында Елордада "Инновацияларды ынталандыру: ғылым және бизнес кооперациясы" конференциясын ұйымдастырдық. 

- Алғаш рет өткізіп отырсыздар ма? 

- Жоқ, бұған дейін де өткен. Бұл екінші кезеңі. Жобаның негізгі мақсаты отандық ғалымдар ойлап тапқан заттарды өндіріске, нарыққа шығару. Осы сала бойынша жұмыс істеп келеміз. Бұған дейін бірінші кезеңде елімізде қандай жаңадан өндірілген өнім бар, соларды анықтадық. Қазір екінші кезеңде сол анықталған өнімдерді дамыту жолдары қарастырылып отыр. 

- Сол конференция барысында отандық өнімдердің көрмесі болды. Олар қолданысқа берілген бе? 

- Солай десек те болады. Сол көрмеде ұсынылған өнімнің барлығы нарыққа шыққан. Бірақ саудасы қызып кеткен жоқ. Кейбірі енді айналымға түсіп жатыр, кейбірі жаңадан бастап жатыр дегендей. Бір сөзбен айтқанда бұл жобалар әлі толық аяқталмаған. Соған қарамастан біз үлкен үмітпен қарап отырмыз. Себебі, біздің сарапшылардың пікіріне қарағанда, дүниежүзілік тауар өндіру орташа статистикасынан, біздің орташа статистика жоғары болып тұр. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.16 (2).jpeg

- Оған әсер етіп отырған қандай жағдай? 

- Иә, оған ықпал етіп отырған бір-екі зат бар. Брокерлік институт деп аталады, яғни, ғалымдар жаңадан зат ойлап табуы мүмкін, бірақ олар оны нарыққа шығарып, бизнестік прецестерін жақсы біле бермейді. Соны жетілдіру үшін біз оларды арнайы оқытып, қастарына бизнес кеңесшілер қостық. Одан бөлек жобаны жүзеге асырып біткенше комерциаландырушы-сарапшы тағайындадық. Ол жобаға қатыспайды, тек сол жобаның өнімін сатумен ғана айналысады. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.16 (3).jpeg

- Жобалар қай саланы көбірек қамтиды? 

- Байқасаңыздар, біздің жобалар ғылым саласына қатыссыз деуге болады. Негізінен өндірістік өнімдер. Ал енді ғылым мен өндірісті қалай бір арнаға тоғыстыруға болады? Біз білетін бірнеше нұсқасы бар. Соның барлығын «Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде ең сапалы, ең сұранысқа ие өнімді сұрыптап, алдағы уақытта еліміздің көлемінде сатылымға шығарамыз деп сенеміз. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.16 (4).jpeg

- Бұл өнімдерге патент алу мәселесі, зияткерлік меншік ретінде тіркеу жайы қалай? 

- Өндірушілерге біздің тараптан қойылатын екі талап бар. Әрине, біздің талап ғылыми түрде маңызсыз болуы мүмкін, бірақ ол міндетті талаптардың бірі. Ол – сертификаттандыру. Себебі нарыққа шығарған өнімнен талап етілетіні осы – сертификат.
Екіншісі – патенттеу. Біз оны жаңа деңгейге шығардық. Яғни, патенттеудің өзінің бірнеше түрі бар. Біздің басты назар аударып отырғанымыз, алған патент тек Қазақстан аумағына ғана емес, халықаралық стандарттарға сай патент алу. Ал халықаралық патентке қол жеткізу үшін бірталай сараптамадан өту керек. Оның тиімділігі – өнім сараптамадан өтіп жатқан кезде, ұзақ күтуі мүмкін, есесіне ол өнімін жетілдіріп, ізденіп, тағы да қандай артықшылықтар қосуға болатынын пайымдайды. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.16 (6).jpeg

- Сіздерге тіркелген жобалар барлық сала бойынша ма, әлде белгілі бір салаға ғана бағытталған өнімдер ме? 

- Бізде барлық сала бар деуге болады. Дегенмен, өндіруге тыйым салынған өнімдерді біз де тіркемейміз. 

- Өндіруге тыйым салынған өнімдерге нелер жатады? 

- Мысалы экологиялық зиянды заттар, қару-жарақ өндіру, түрлі химиялық қару өндірушілерді біз қаржыландырмаймыз. Бізде көп тіркелген өндірушілер – аграрлар. Агро саласында өндірушілер көп. Сонымен қатар, биотыңайтқыштар және ІТ саласы жақсы дамып келеді. Бұл салалардың дамуына да өзіндік себеп бар. Еліміз негізінен ауылшаруашылық саласына бейім. Ал Елбасымыздың өзі айтқандай цифрлы Қазақстан бағдарламасынан кейін елімізде ІТ саласы жақсы қарқын алды. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.53.17.jpeg

- Қаржыландыру туралы айтсаңыз... 

- Біздің «Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы бұл – жоба. Жыл сайын жүйелі түрде қаржыландырылып отырмайды. Сондықтан біз өзге елдегі тәжірибені әкеп, Қазақстанда жасауға болатынын көрсету. Осы мақсатта алғашында 41 жоба іріктелді. Екінші айналымда жобалар саны азайды, есесіне қаржыландыру көлемі артты. Ең көп қаржы алған жобалардың қаражаты 400 млн теңгеге дейін жетті. Әрине, бәрі бірдей 400 млн теңге алған жоқ. Одан аз алғандар да болды. 

- Тиімділігіне қарай бересіздер ме, әлде жобаға қатысушылардың сұрағанын бересіздер ме? 

- Әрине, тиімділігі басты назарда. Және кез келген қатысушының сұраған сомасын бере алмаймыз. Өзіміздің халықаралық сарапшыларымыз бар, солар саралайды. Одан кейін нарықтағы сұранысына болжам жасалады. Соған қарамастан біздің жобаға қатысып, грантқа тапсырыс берушінің келісімінсіз ештеңе жасай алмаймыз. 

Ілияс Оспановтың сөзінен кейін көрмеге қатысушылардың бірін сөзге тартып көрген едік. Зағиптарға арнап арнайы құрал ойлап тапқан кәсіпкер Ғабдреш Ғалымжан өзі өндірген өнімнің ерекшелігін айтты. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.48.13 (2).jpeg

Біздің өндіріп отырған затымыз – SEZUAL деп аталады. Бір сөзбен айтқанда «сезіп ал» немесе «сезіп алдым» дегенге келеді. Қазақша қарапайым түсінікпен айтқаным ғой. Әйтпесе VISUAL деген секілді атау ғой. Аппарат негізінен зағип жандарға арналған. Осы аппараттың көмегімен олар маңайындағы заттарды сезіне алады. Дегенмен, басында 2-3 күн жаттығу жасап, бұл аппаратқа үйренісулері керек. Содан кейін ғана бұның ерекшелігін сезеді - дейді SEZUAL аппаратын жасап шығарған Ғабдреш Ғалымжан. 

WhatsApp Image 2019-11-19 at 11.48.13 (1).jpeg

Оның айтуына қарағанда зағип жандардың миының дамуы көзі көретіндерден өзгерек. SEZUAL-ды кеудесіне тағып, сол арқылы маңайындағы заттарды қысқатолқындық сигнал арқылы сезінеді. 

Бұл аппарат ID гидролокациялық дыбыс жібереді адамға. Бұл дыбысты зағип жандар жақсы естиді. Себебі көзі көретін адамдардан қарағанда, зағиптардың миы ерекше. Олардың миы өзгеріске тез бейімделеді. Мысалы өзінің көзі көрмейтінін түсінген адамның миы жарты жылда түбегейлі өзгереді. Олардың миы біз көзбен көрген затты сезетін қабілетке ие. Біз адам миының осы ерекшелігін пайдаландық. Мысалы мына аппарат зағиптардың миына маңайында не тұрғанын ID гидролокациялық дыбыс арқылы сездіреді. Бұл апаратты қолданған зағип жан қасында тұрған затты ұстап көрмей-ақ оның не екенін біле алады. Тіпті олар маңайындағы заттың өзінен қаншалықты қашықтықта тұрғанын да сезе алады - дейді Ғабдреш Ғалымжан.


Фото: автордан
Загрузка...