Іле-Алатауында қызыл кітапқа енген аю фотоқақпанға түсіп қалды

8 Тамыз 2020, 20:03
3177
Бөлісу:
Іле-Алатауында қызыл кітапқа енген аю фотоқақпанға түсіп қалды

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесі ұдайы бақыланады. Бұл туралы Іле-Алатау паркінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Ол әр түрлі әдістер арқылы (көзбен шолу, іздерін қарау, фотоқақпандар арқылы, дауысын есту, т.б) қағадағаланады. Ұлттық парк аумағындағы Қазақстан Республикасының қызыл кітабына кіретін түрлер ерекше назарда ұсталынады. Солардың бірі - Тянь-шань қоңыр аюы. Аюлар қысқы ұйқысынан оянған соң қара күзге дейін тынымсыз жем іздеп тау ормандарын кезеді.
Парктің ғылыми қызметкерлері, аңтанушы-биологтары, мемлекеттік инспекторлар аң жүретін соқпақтарға фотоқақпандар орнатады. Ақсай филиалындағы шатқалдардың біріне орнатылған фотоқақпанға шілде айында Тянь-Шань қоңыр аюы іліккен болатын.
Сондықтан жануарлар қалаға жақын жерге түсе бастаған. Барлық орман сүтқоректілері сияқты аю да иіс, дыбысқа бағдар ұстайды. Жыртқыш аң тіпті 12 шақырымдай жердегі өлген жануарлардың иісін сезе алады. Алайда, монохромды болғандықтан көру қабілеті нашар,- дейді Ұлттық парк маманы.


Өзгелердің жаңалығы