Іле Алатауында адасып кеткен ресейлік сноубордистер табылды

2 Сәуір 2019, 09:41
2492
Бөлісу:
Іле Алатауында адасып кеткен ресейлік сноубордистер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Іле Алатауының баурайында ресейлік екі сноубордист адасып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Талғар асуында қыз бала мен 28 жастағы жігіт адасып кеткені туралы хабарлама  құтқару қызметіне кеше 16:50-де түсті. Олар тауға сноуборд тебуге шыққан. Құтқарушылар экипажы қажетті құралдарын алып іздеуге шықты. Жолда олар «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешеніне ақпар берген. Курорт қызметкерлері қармен жүретін көлік тізгіндеп туристерді іздеуге қосылды. Біраз уақыттан соң олар табылды. 

Туристер Ресей Федерациясының азаматтары болып шықты. Кешке таман тұман түсіп кеткен соң олар қайтар жолдан адасып кеткен. Мамандардың айтуынша, олар еш жапа шекпеген. Алматы құтқару қызметі жыл басынан бері осындай оныншы адамды тауда адасып кеткен жерінен құтқарып отыр. Казгидромет РМК болжауынша,  Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі жоғары болып тұр. Кеше қалада дауылды ескерту жарияланған болатын.



Өзгелердің жаңалығы