Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы бетон құрылыстар алынады

11 Тамыз 2020, 12:33
1259
Бөлісу:
Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы бетон құрылыстар алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық кеңес Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді орнықты дамыту жұмыстарымен танысты. "Туранга групп" компаниясының директоры Александр Гужавин бүгінгі күні қандай жұмыс жасалғанын баяндады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.


Автотұрақ жасалып, спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар бізде алғашқы қоғамдық әжетхана құрастырылуда. Сапарлау орталығы, барлық нысандардың барлығы геобұрандамен салынуда. Біз нысандарды тұрғызу кезінде бетон қолданбаймыз, қазаншұңқыр қазбаймыз. Мына жерден көріп тұрған жырада келесі аптада қоғамдық әжетхананы тазарту жүйесін орналастыру дайындығын бастаймыз. Ол 5 ер, 5 әйел, 2 қозғалысы шектеулі адамдарға арналған, - дейді А.Гужавин.

Оның айтуынша, бұрынғы жерді жалға алған адамдардан қалған бетон құрылыстың бәрін компания алып тастауды ұйғарған. Олардың орнында қоғамдық көлік аялдамасы пайда болады.
Мониторингілеу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Аюсай сапарлау орталығын құрастыру кезеңімен танысып, "Тамыр" жабайы табиғатта болу мектебіне барды.

Жақын арада "Туранга групп" командасы "Тамыр" жабайы табиғатта болу мектебімен бірге жаңа екі аяқжол салуды жоспарлауда. Бірінші аяқжол "Жас қайың" деп аталады. Онымен кішкене баласы бар ата-аналар мен үлкен кісілер қыдырыстайды. Екінші аяқжол арнайы қозғалысы шектеулі келушілерге арналған. Келешекте жылдам қозғалатын мүгедектер арбасы да сатып алынуы мүмкін.

Еске салсақ, ұлттық парк жанындағы қоғамдық кеңес құрамына 19 адам кіреді. Олардың арасында туристік ұйым өкілдері, ғалымдар, спортшылар, бизнесмендер, экобелсенділер, қоғам қайраткерлері бар.

Жоба шеңберінде 155 шақырым аяқжол салу жоспарлануда. 7 сапарлау орталығы салынған соң, келушілер ұлттық парк туралы ақпарат ала алады. Этноауыл, кемпинг, шатырлар лагері, 10-15 нөмірлік глэмпинг (таудағы тұрақ) пен бір караванинг (автоүйлермен саяхаттаушыларға арналған жабдықталған автотұрақ) пайда болады.
Өзгелердің жаңалығы