Ильин: Павлодар облысындағы елді мекендер уақытылы тазаланбаған қардан зардап шегуде

15 Сәуір 2021, 13:08
1426
Бөлісу:
Ильин: Павлодар облысындағы елді мекендер уақытылы тазаланбаған қардан зардап шегуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық Коммуникацилар алаңында өткен «Елімізде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» онлайн брифингте айтты.

Оның сөзінше, Павлодар бағытындағы елді мекендердің басым көпшілігі уақытылы тазаланбаған қардың кесірінен зардап шегуде.

Жергілікті атқарушы орган түбегейлі дұрыс атқармаған жұмыстың нәтижесінде біздің органдар сол істі жалғастыруда десек болады. Қыста да, көктемгі мезгілде де қар тасу жұмыстарын және тұрғындардың аула маңайындағы қарды тазалау шараларын белсенді атқаруына көп көңіл бөлдік. Тұрғындар өзінің үй айналасына жауапты, ал жол маңайындағы, көше арасын тазалау жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді, - деп түсіндірді министр Ильин.

ТЖМ басшысы атап өткендей, Қараөткел ауданына су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін қаржы бөлу бүгін де өзекті. Ол облыс әкімімен талқылаудан кейін қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастырғандарын жеткізді.

Ол Премьер-министрдің жеке қарауымен бойынша су тасқынына байланысты мәселелерге сараптама жасалып, қар тазалау жұмыстары бойынша жергілікті әкімдерге тапсырма берілетінін айтты. Алдағы көктемде су тасқынының алдын алу үшін қыстан бастап қамдану керектігіне тоқталды.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ


Өзгелердің жаңалығы