Бас дәрігерлер iKOMEK109 орталығына түскен өтініштерге жауап береді

9 Қазан 2019, 21:20
1632
Бөлісу:
Бас дәрігерлер iKOMEK109 орталығына түскен өтініштерге жауап береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері iKOMEK109 орталығына келіп түскен өтініштерге жауап беретін болады.

2019 жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына денсаулық сақтау мәселелері бойынша 241 207 өтініш келіп түсті, оның ішінде 235 519 консультация, 3 445 шағым, 1 660 оқыс оқиға, 523 алғыс, 60 ұсыныс түсті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Статистика көрсеткендей, ikomek109 орталығына келіп түскен барлық өтініштердің 24,5% денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бірыңғай қалалық орталықпен бірлескен жұмыс жүргізеді. Енді емхананың әрбір бас дәрігері өз телефондарында iKOMEK109 мобильдік қосымшасы бар, онда олар онлайн режимде өздерінің медициналық мекемелеріне қатысты барлық өтініштерді алатын болады. Сондықтан азаматтар медициналық қызмет көрсету бойынша толғандыратын сұрақтарға тікелей жауап ала алады. 

"IKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы қаладағы өмір сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қалалық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Сондықтан біз әрбір жауапты мемлекеттік органмен, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасымен тығыз жұмыс істейміз", – деп атап өтті қалалық iKOMEK109 мониторинг орталығының басшысы Жаннат Дубирова елорданың медициналық мекемелері басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына фото-бейнематериал қоса бере отырып, өтініш беруге, сонымен қатар өтініштердің атқарылу дәрежесін білуге, хабарландыруға жазылуға мүмкіндік береді. Онда сіз алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылатыны және т.б. жөнінде біле аласыздар.



 

Өзгелердің жаңалығы