Бас жаңалықтар
iKOMEK109 орталығына түскен өтініштердің 80% "бірінші қоңыраудан" шешілді
24 Қазан 2019, 00:22 347

iKOMEK109 орталығына түскен өтініштердің 80% "бірінші қоңыраудан" шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың басынан бері тұрғындардан 1 273 000-нан астам өтініш қабылданып, оның 80% "бірінші қоңыраудан" шешілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде iKOMEK109 азаматтардың қала қызметтерімен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқармаларымен "кедергісіз" және тікелей тілдесудің басты құралдарының бірі болып табылады және тұрғындардың барлық өтініштерін, оның ішінде әлеуметтік желілердегі барлық өтініштерді шоғырландырып, "еститін мемлекет" тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді. Осылайша ағымдағы жылдың басынан бері тұрғындардан 1 273 000-нан астам өтініш қабылданды, оның 80% "бірінші қоңыраудан" шешілді.
"Азаматтардың сыны мен сындарлы ұсыныстарын жылдам қарайтын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өту қажет", - деді ҚР президенті өзінің халыққа Жолдауында.
Осы орайда iKOMEK109 қалалық орталығының миссиясы – қаладағы өмір сүру сапасын жақсарту және тұрғындарға арналған қалалық сервистер сапасын арттыру. Мемлекеттік органдармен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басқармаларымен өзара іс-қимыл мақсатында қала деңгейінде регламенттік мерзімдер белгіленді. Қаланы басқарудың цифрлық панелінің көмегімен iKOMEK109 күнделікті олардың сақталуын қадағалайды.

Елорда тұрғындарының мұқтаждықтарына жылдам ден қою – iKOMEK109 қалалық орталығының басым міндеті. Тұрғындардың iKOMEK109-ға өтініштері негізінде анықталған, елорда тұрғындарын мазалайтын барлық жүйелі проблемалары апта сайын аппараттық жиындарда талқыланады. Елорда әкімі орынбасарларына, аудан әкімдері мен әкімдік басқармаларына тұрғындардың жүйелі түйткілдерін орындау бойынша нақты тапсырмалар береді.

Бұдан басқа, қалалық мониторинг орталығы елорда басшылығына қаланың "тынысын" бақылап отыруға көмектеседі.  

Азаматтардың кері байланысын талдайтын және мәселелерді қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісіне жүйелейтін, BIG DATA технологиясы бойынша жасалған цифрлық платформа құрылды. Бүгінгі таңда рейтингте 48 түйткіл бар, оларды шешу қаладағы өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, түйткілдің 11-і қазіргі кезде шешімін тапты.





Фото: дереккөз
Загрузка...