Бас жаңалықтар
iKOMEK орталығы ІТ-форумында елордалық тәжірибемен бөлісті
21 Қараша 2019, 15:45 954

iKOMEK орталығы ІТ-форумында елордалық тәжірибемен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың iKOMEK109 орталығы Өскемен қаласында өткен "Цифрлық Шығыс-2019" ІТ-форумында жұмыс тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Форумның аясында 2019 жылғы цифрландыру жобаларының жетістіктері көрсетілді. Олар экономикалық тиімділікті, өмір сүру жайлылығын, қауіпсіздікті және жалпы тұрмыс сапасын арттыру үшін жалпыға қолжетімді әлеуметтік маңызы бар және инновациялық жобалар жасауға бағытталған.

iKOMEK109 қалалық орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева Форумда елорданың Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің толыққанды жағдаяттық орталығы – iKOMEK109-ды құру тәжірибесімен бөлісті. Оған шұғыл емес сипаттағы барлық мәселелер бойынша 3-1-1 қызметі жұмыс жасайтын АҚШ және Канада қалаларының тәжірибесі негіз болды.  
iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы халықпен кері байланыс негізінде өзара тығыз байланысатын көпір іспеттес. Тұрғындар қалада жайлы өмір сүруді жақсарту үшін жасалған цифрлық жаңашылдықтарды белсене пайдаланады. Сонымен қатар форум аясында облыс әкімінің ведомствоаралық бірыңғай жағдаяттық орталығы көрсетілді, оны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов таныстырды, - делінген ақпаратта.
iKOMEK109 қалалық орталығы халықпен кері байланыс орнатуда Қазақстандағы ең тиімді шешім болып табылады. Осы жылдың басынан бері 1 414 725 өтініш келіп түсіп, оның 80% бірінші қоңыраудан шешілді. Елорда тұрғындары мен қонақтарының көптеген пікірлері аталмыш жобаның әлеуметтік тұрғыдан пайдалы екенін және қалада жайлы өмір сүруды жақсартуға бағытталғанын көрсетеді.  



Фото: дереккөз
Загрузка...