ІІМ желіде жалған құжат жасайтын 46 жарнаманы анықтады

19 Шілде 2021, 11:16
3134
Бөлісу:
ІІМ желіде жалған құжат жасайтын 46 жарнаманы анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.

Полицияның барлық бөлімінде арнайы мониторингтік топтар құрылды, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтер мен жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтап, пысықтайды. Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады, онда жалған вакцинация төлқұжаттары, сондай-ақ оң немесе теріс тест нәтижелері бар талдау нысандары ақшаға ұсынылған, - деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.

Ол атағандай, бұл ресурстарда Ресейде, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар таратылған.

Анықталған хабарландыруларда ІІМ киберқылмыспен күрес орталығының мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемаларды қадағалайды. Вакцинациялаудың 1-ші кезеңінен өткендігі туралы растау үшін алаяқтар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Содан кейін олар 2 кезең үшін алдын-ала төлемді талап етіп, алған соң жоғалады. Бірқатар жарияланымды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал сатушылар үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзуға тырысты, - деді ол.

Тұрлыбек айтқандай, анықталған шетелдік ресурстар қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы