ҚР ІІМ Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

4 Сәуір 2019, 21:27
2301
Бөлісу:
ҚР ІІМ Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесті.

Ішкі істер министрлігінде ағымдағы жылғы күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаимен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы пікір алмасты.

Тараптар мүдделі бағыттары бойынша екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. 

Кездесу өзара түсіністік мен конструктивтік диалог жағдайында өтті. 
Өзгелердің жаңалығы