ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

15 Наурыз 2019, 20:25
2427
Бөлісу:
ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті.

Азаматтық қоғамның 20 өкілі – белгілі қоғам қайраткерлері заңгерлер, құқық қорғаушылар, журналистер және ҮЕҰ-ның өкілдері қабылданған кеңестің жаңа құрамы 2019 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істейді.

Министр Ерлан Тұрғымбаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық позициясы мен ішкі істер органдары қызметіне айырықша назар аударғандары үшін алғысын білдірді.

«Полиция қызметінің басты ұстанымы –ашықтық пен айқындық. Қазақстандық полиция азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен ашық диалогқа әрқашан дайын. Қоғамдық кеңес – бұл полиция жұмысын жақсарту, полицияның халыққа жақын болуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа күрес саласында мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың ынтымақтастығын, құқықтық сананы және заңға бағынушылықты арттырудың тиімді құралы болып табылады», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, министр Кеңес мүшелеріне ішкі істер органдарының реформасы туралы айтып берді. Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.  

Ерлан Тургумбаев 54 іс-шараны қарастыратын, 9 негізгі бағыттан тұратын Жол картасын іске асыруда Қоғамдық кеңестің белсенді атсалысатына сенім білдірді.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып М. Нарикбаев атындағы ҚАЗМЗУ құқықтық әділ сот және ғылыми құқықтық сараптамалар жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, профессор Марат Қоғамов сайланды.

Өзгелердің жаңалығы