Бас жаңалықтар
ІІМ қоғамдық көліктерге ауқымды тексеру жүргізеді
10 Қазан 2019, 14:56 258

ІІМ қоғамдық көліктерге ауқымды тексеру жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-17 қазан аралығында ІІМ республика аумағында "Автобус" жедел-алдын алу шарасын өткізуді қолға алды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл шара автомобиль жолдарында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған.

"Шара барысында қоғамдық көліктердің жол ережесін бұзушылықтарын анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жандандырылды. Бұл ретте жылдамдық режимін, басып озу, қарсы бетке шығып кету, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлерінің қатысуымен автобус автопарктерінен, автовокзалдар аумақтарынан, соңғы аялдамалардан, тұрақ орындарынан шығар алдында техникалық және медициналық тексеруден өтуіне, көлік құралдарының техникалық жағдайына бақылауды күшейтеді", - делінген хабарламада.

Балаларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жай-күйіне, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықталған автобустардың, бұған қоса техникалық жай-күйі және конструкциясы жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін автобустардың (таксидің) пайдаланылуына ерекше назар аударылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірлесіп рейске шығатын автобустардың жылыту, отын беру, электр жабдықтары құрылғылары және оның пайдаланылуына, өрт сөндіру құралдарына тексеру жүргізілуде.

"Автобус" алдын алу шарасына мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жұртшылық өкілдері де қатысуда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...