ІІМ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингке қатысты мәлімдеме жасады

21 Қыркүйек 2019, 15:10
3374
Бөлісу:
ІІМ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингке қатысты мәлімдеме жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ заңсыз митингке қатысқан 57 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.

"21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында митинг өткізуді ұйымдастыру әрекеттері жүзеге асырылды. Прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертулеріне қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатуларына еріп, бірқатар азамат басқа адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, жол қозғалысына қауіп төндіріп, құқыққорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы заңсыз әрекеттер жасай бастады. Осыған орай ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзуды алдын алу мақсатында заңмен қарастырылған шараларға көшті. Қазіргі кезде заң бұзғаны үшін 57 адам ұсталды. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



 
 

Өзгелердің жаңалығы