IIМ: Қандастардың ел азаматтығын алу рәсімі жеңілдетілді

8 Қыркүйек 2021, 18:34
8525
Бөлісу:
IIМ: Қандастардың ел азаматтығын алу рәсімі жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі этникалық қазақтардың Қазақстан азаматтығын қабылдау тәртібін жеңілдету үшін дәйекті шаралар қабылдауда.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға бір мезгілде Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжаттар ұсыну мүмкіндігі заңды түрде енгізілді.

Бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын.

Бұдан соң бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына алдын ала құжат тапсыруға болады. Бұл 3 ай көлемінде қаралатын.

Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының азаматтығына 2 935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданды.

Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандастарға қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі жұмыстарға тартылған барлық мемлекеттік органның (ЕХӘҚМ, СІМ, ІІМ, АҚДМ, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде.

Нәтижесінде:

- олар тек ХҚКО-ға бір рет жүгінетін болады (әр мемлекеттік органға жеке емес);

- құжаттар тізімі екі есеге қысқарады;

- барлық кезеңен өту мерзімі 90 күнді құрайды (материалдарды қазіргідей кезек бойынша емес, барлық мемлекеттік орган бір мезгілде қарайтын болады).

Өзгелердің жаңалығы