Бас жаңалықтар
ІІМ ел аумағында кең ауқымды «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді
24 Қазан 2020, 21:10 124

ІІМ ел аумағында кең ауқымды «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автопарктердің 126 қызметкері жолаушылар тасымалы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ел аумағында кең ауқымды «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Бұл іс-шара тұрақты түрде өткізіліп тұрады және ол жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын апаттар санын азайтуға, сондай-ақ автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Жедел алдын алу іс-шарасына полиция қызметкерлерімен бірге көліктік бақылау, ТЖ органдарының қызметкерлері және қоғам өкілдері қатысты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...