Бас жаңалықтар
ІІМ басшысы жас полицейлерге қызметтік куәліктерін табыс етті
05 Маусым 2020, 05:48 141

ІІМ басшысы жас полицейлерге қызметтік куәліктерін табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Ішкі істер министрі жаңадан жұмысқа кіріскен полицейлерге қызметтік куәліктерін табыстады, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Іс-шара ІІМ-нің музейінде өтті. Аталған музей еліміздегі ішкі істер органының құрылуы, қалыптасу мен даму тарихы туралы сыр шертеді.

ІІМ басшысы осынау жауапты сәттің маңыздылығын ерекше атап өтіп, әрбір азамат Әнұран, Елтаңба мен Туды құрметтеп, өз Отаны мен елін сүюі керектігін баса айтты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полиция алдында нақты міндетті қойды – біз қоғамдық тәртіпті сақтап, қиын жағдайда азаматтарға көмектесуіміз керек. Полицияның жұмысына бағаны халық береді. Сол себепті өз істеріңіздің нағыз маманы болуға және халықтың мүддесін бірінші орынға қоюға шақырамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді Ерлан Тұрғымбаев.   

Жас офицерлер арнайы бөлімдерге, патрульдер мен жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қатарына барады. ІІМ музейінде жастар ішкі істер органының тарихымен танысып, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге ант берді.

Жалпы жыл басынан бері "полиция лейтенанты" арнайы атағы ішкі істер органдарының 1724 қызметкеріне берілген.

Фото: дереккөз
Загрузка...