ІІМ ауа райына байланысты ескерту жариялады

9 Сәуір 2020, 11:49
1509
Бөлісу:
ІІМ ауа райына байланысты ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа-райының күрт суытып, салқындауына байланысты ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салды.

Жауын-шашын және тұманның түсуі, сондай-ақ ауа-райының күрт төмендеуі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында күтілуде. Осындай ауа-райына байланысты, ІІМ аталған өңірдің тұрғындарына жолдарда мұқият болып, жылдамдық режимі және арақашықтықты, Жол ережесінің басқа да талаптарын сақтау қажеттігін еске салды. ІІМ көктайғақ кезінде автомобильмен қауіпті маневрлер жасау және шұғыл тежеу жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғады - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік жаяу жүргіншілер де дымқыл және тайғақ жолда автомобильдің тежегіш жолының ұлғаятынын ескеруі қажет екенін ескертті.

Сондықтан көлік құралының тоқтағанына көз жеткізу керек. ІІМ  жылдамдықты арттыру, ескерту белгілеріне назар аудармау және елемеу әрекеттерінің салдарлары қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын ескертеді - дейді ІІМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы