ІІМ: Арыс қаласында 350 адам жоғалғаны туралы ақпарат жалған

26 Маусым 2019, 15:33
2582
Бөлісу:
ІІМ: Арыс қаласында 350 адам жоғалғаны туралы ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түрде Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл ақпарат оқиғаның 1 күні тараған болатын әрі ол бойынша сол кезеңде тиісті мәлімдемелер жасалды. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау мен олардың жеке тұлғаларын анықтау бойынша барлық тиісті шараларды жүргізді. 

"Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды  әлеуметтік желілер арқылы және Уотсап желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларыңызды сұрайды. Сонымен қатар қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін еліміздің заңнамасына сәйкес ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады", - делінген таратылған ақпаратта.

«Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Өзгелердің жаңалығы