ІІМ арнайы жасақтардың шерушілерге қосылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

5 Қаңтар 2022, 20:43
1035
Бөлісу:
ІІМ арнайы жасақтардың шерушілерге қосылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ жедел әрекет ету жасағының наразылық білдірушілерге қосылуы туралы хабарламаларға түсініктеме берді. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды.

Telegram мессенджерінде Алматыда жедел әрекет ету жасағы наразылық білдірушілер жағына шыққаны туралы видео тарады. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ жоққа шығарды.

Ведомство мұндай хабарламалардың  жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желі парақшасында тараған бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасымен жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады ведомстводағылар.

Өзгелердің жаңалығы