ІІМ Қарағандыда болған төбелеске қанша адамның қатысқанын айтты

8 Қаңтар 2019, 16:13
1827
Бөлісу:
ІІМ Қарағандыда болған төбелеске қанша адамның қатысқанын айтты

Астана, baq.kz тілшісі. Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске 14-15 адам қатысқан. Салдарынан бір азамат қаза тапты. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.

Осыған дейін ресми өкіл мейремханада неден туындағанын хабарлаған.

Оның айтуынша, төбелеске дейін «Древний Рим» мейрамханасында 400 қонақ болған.

«Төбелеске 14-15 адам төбелеске қатысқан. 8 адам қамауға алынды.

Қаза тапқан азамат мейрамханаға досының шақыртуымен ерегеске арнайы келген. Сондықтан оқиғаның себебі жан-жақты қаралады. Тергеу амалдары жүргізіледі», - деді Алмас Садубаев.

Осы орайда ресми қос тарапта жаза тартылатынын ашық айтты.

«Мұнда ұлтаралық қақтығысқа негізі жоқ. Оны атап өту керек. 8 адам қамауға алынғанын хабарладық. Жалғыз төбелесті шығарған жақ қана емес, жалпы екіжақта жазаланады. Ол тергеу амалдары негізінде анықталады», - деді ресми өкіл.

Еске салайық, осыған дейін Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында 1 қаңтарда төбелестен ер адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған.

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Осыған дейін Қарағандыда болған төбелес ұлтаралық қақтығыс негізінде туындамағанын хабарлағанбыз.


Дәурен ЕРБОЛАТ
Өзгелердің жаңалығы