Бас жаңалықтар
ІІМ 1 қаңтардан бастап миграция қызметімен айналыспайды
23 Шілде 2021, 22:39 449

ІІМ 1 қаңтардан бастап миграция қызметімен айналыспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін басқа ведомствоға бермекші, деп хабарлады Polisia.kz. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде еңбек көші-қоны жаһандық сипатқа ие және ел дамуының экономикалық және әлеуметтік деңгейімен тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеуге және еңбек көші-қонына байланысты көші-қон саласындағы функциялардың үштен бірінен астамы беріледі, - делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тиісті жарлыққа ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойды. 

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды. Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі. 

Көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша Ішкі істер министрлігі Көші-қон саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үшін біздің ел қабылдаған бағытты толығымен ұстанады. 

Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады.


Фото: дереккөз
Загрузка...