IIHF шайбалы хоккейден тағы 18 турнирдің өтпейтінін мәлімдеді

21 Қараша 2020, 05:47
1225
Бөлісу:
IIHF шайбалы хоккейден тағы 18 турнирдің өтпейтінін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2020/2021 жылға жоспарланған бірқатар жарыстардың өткізілмейтінін хабарлады деп жазады Olympic.kz.

Жоспардағы жарыстардың өткізілмеуіне коронавирус індеті себеп болып отыр. 

2021 жылдың 21 мамыры мен 6 шілдесі аралығында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионаты мен жастар арасындағы және әйелдер арасындағы әлем біріншілігі және 18 жастан кіші спортшыларға арналған әлемдік додадан басқа жарыстар ұйымдастырылмайды.

Яғни, тек ТОП-дивизондағы әлемдік бәсекелерді ғана тамашалай аламыз.

Сондай-ақ 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирлері де кейінге шегерілді.

Жалпы алғанда, IIHF ғаламдық пандемияға байланысты 28 турнирді өткізбейді.

Өзгелердің жаңалығы