ИИДМ басшысы Қырғызстан елшісімен транзит пен инфрақұрылымды дамыту жайын талқылады

27 Қазан 2021, 10:08
4774
Бөлісу:
ИИДМ басшысы Қырғызстан елшісімен транзит пен инфрақұрылымды дамыту жайын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті.

Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, «Қытай-Қазақстан-Қырғызстан» бағыты бойынша транзиттік жүктердің кедергісіз өтуі, елдеріміз арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ транзиттік теміржол жолаушылар тасымалын жаңғырту мүмкіндігі қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы