Игерілмеген жер мемлекет иелігіне қайтарылды

25 Маусым 2020, 19:51
1522
Бөлісу:
Игерілмеген жер мемлекет иелігіне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына, соның ішінде игерілмеген жер учаскелерін мемлекетке қайтару мақсатында тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.

Мәселен, прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органмен сауда-саттықсыз табысталған кадастрлық құны 300 млн теңгеден асатын көлемі 9 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа, жалпы көлемі 44 га құрайтын 67 жер учаскесі ұзақ уақыттан бері игерілмегені анықталып, барлық жер пайдаланушыларға жерді игеру қажеттігі туралы ескерту беріліп, тиісті шектеулер қойылды - делінген Ақтау қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы