Шекарадан ірі көлемде заңсыз темекі өткізбек болғандар ұсталды

6 Маусым 2020, 18:30
1371
Бөлісу:
Шекарадан ірі көлемде заңсыз темекі өткізбек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңа жол" автомобиль пунктінде Қазақстанға ірі көлемде темекі өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін 15 мың қорап темекіні "СDEK" почталық компаниясы жүгінің астына жасырған. Темекінің құжаттары мен акциздік маркалары жоқ. Бұл іс және тәркіленген темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда шекарадағы өткізу бекетінде акциз маркалары жоқ темекі өткізбек болғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгендігі айтылады.


Өзгелердің жаңалығы