IDY-2019. Еліміздің 9 қаласында йога фестивалі өтіп жатыр

17 Маусым 2019, 15:23
1516
Бөлісу:
IDY-2019. Еліміздің 9 қаласында йога фестивалі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша 15-22 маусым аралығында Халықаралық йога күні атап өтіледі.


Нұр-Сұлтан қаласында маусымның 15-і күні бастау алған йога фетивалі елордада 23 маусымда салтанатты түрде жабылады. 

"ҚР-дағы Үндістан елшілігі йога фестивалін 2018 жылы 6 қалада өткізді. Қазақстанда йоганың танымалдығы артқанына байланысты биыл 9 аймақта өткізуді бастап кетті. Осылайша, IDY-2019 Алматы, Арқалық, Атырау, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Теміртау, Зеренді және Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың 15-23 маусымы аралығында йогаға жиналғысы келгендерді шақырады. Шараға қатысу - тегін. Әркім өзіне ыңғайлы орынға барып, жаттығуға қосылып кетуіне болады ", - деп хабарлады Үндістан елшілігінің баспасөз қызметі.

Шараға атсалысқан елордадағы Сарыарқа аудадының әкімдігі қала тұрғындарын аптасына 3 рет йога кластарына келуге шақырды.

"Йога - бұл 5 мың жылдық дәстүр, ол дене мен ақыл-ойдың үйлесіміне жету үшін физикалық, интеллектуалды және рухани әрекеттерді біріктіреді. Йога фестивалі елорданың Сарыарқа ауданында әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңғы сағат 8-9 аралығында тегін кластар өтеді", - деп хабарланды  ауданның фейсбуктегі ресми парақшасында.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласында финал 22 маусым күні сағат 18.00-де ҚР Ұлттық музейінің алдында өтеді.


Өзгелердің жаңалығы