Тоқаев жастарды қолдау туралы жаңа идеяларды айтты – Винокуров

12 Маусым 2019, 17:50
1837
Бөлісу:
Тоқаев жастарды қолдау туралы жаңа идеяларды айтты – Винокуров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсіміне қатысқан Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров салтанатты шарадан алған әсерімен бөлісті. 

«Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевты көптен білеміз. Ол азаматтарымыз таңдаған, лайық президент. Сайлауға барып оған, жаңа идеяларға дауыс бердім. Президент айтқандай, Елбасының стратегиясы жалғасады. Жастарды қолдау туралы жаңа идеяларды тыңдадым. Жас таланттарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау дұрыс деп ойлаймын. Жаңа технологияларды енгізу және жаңалық ашуды қалайтын жастар ел үшін маңызды. Президент айтқандай, әлем бір орнында тұрмайды. Біздің барлық қалауымыз жақсылыққа жеткізеді», - деді Винокуров. 

Журналистер танымал спортшыдан қоғамда қандай өзекті мәселелер барын сұрады. 

«Қоғамда көп талқыланатын мәселе ол – әлеуметтік мәселе. Кадрлар тапшылығы мәселесі барын білемін. Бұл мерзімі жеткен мәселе. Оған қоса бизнес те маңызды. Бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндік жасау керек, қолдау қажет. Елбасы жасағандай серпіліс беру қажет. Билік халыққа есеп беріп, байланыс орнататын алаңдар пайда болса, бәрі керемет болар еді. Бүгін ол айтқан барлық идея шындыққа айналса екен», - деді Винокуров кулуарда.

Өзгелердің жаңалығы