Бас жаңалықтар
IBO Головкинге қарсылас таңдады
18 Маусым 2019, 19:09 400

IBO Головкинге қарсылас таңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Twitter-де дауыс беру арқылы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын таңдады.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Дауыс беру нәтижесінде, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті қолдайдындар көп екені белгілі болды. Дауыс берушілердің 59% «Канелоны» таңдады. Демитриус Андраде 20%, Билли Джо Сондерс 15% қолдаса, Джермалл Чарлоға 5% таңдау түсті.

Естеріңізге сала кетейік, канадалық Стив Роллсты жеңгеннен кейін Головкин «Канеломен» үшінші рет кездесуге ниетті екенін айтты. Отандасымыз 2017 және 2018 жылдары өткен қос кездесудің бірінде тең түсіп, екіншісінде төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Загрузка...