ХТҰ Қазақстанды "ақ тізімге" енгізді

21 Қыркүйек 2021, 20:37
20978
Бөлісу:
ХТҰ Қазақстанды "ақ тізімге" енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық теңіз ұйымының тәуелсіз сарапшылар комиссиясы Қазақстанды "ақ тізімге" енгізуге арналған жаңаша өтінімін қанағаттандырды.

Онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазақстандық теңізшілерді даярлау жүйесінің Теңізшілерді даярлау және дипломдау жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкестігін тану ұсыныс көрсетілген.  

Бұл тізімге кіру отандық теңізшілердің кәсіби дипломдарын халықаралық қоғамдастықтың тануын қамтамасыз етеді. Және оларға ДДВА Конвенциясына қол қойған барлық мемлекеттерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ҚР-ның Ұлыбританиядағы елшілігін ХМҰ сарапшылары елімізде теңіз білімі, кеме экипажы мүшелерін дипломдау және медициналық тексеру, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруға жеткілікті ұлттық нормативтік-құқықтық база қалыптасқан деген қорытындыға келгенін хабарлады.

Осыған байланысты, 2021 жылдың 4-8 қазан аралығында өтетін Теңіз қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің 104-ші отырысында ХТҰ Бас хатшысы Комитет мүшелерін Қазақстанның теңізшілерді даярлау жүйесінің Конвенция талаптарына сәйкестігі туралы тәуелсіз сарапшылардың шешімі туралы хабардар етеді. Бұл еліміздің ХТҰ-ның "ақ тізіміне" енгізілгенін ресми түрде растайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ҚБТУ жанынан халықаралық деңгейдегі теңіз мамандарын даярлайтын Теңіз академиясы ашылды. Онда сондай-ақ теңізшілерді арнайы қысқа курстар (теңізде аман қалу, кемедегі өртпен күрес, алғашқы медициналық көмек көрсету, кемедегі медициналық күтім және т.б.) бойынша оқытатын теңіз оқу-тренажер орталығы құрылды. Теңізшілерді медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлердің тізбесі анықталды. Олар медициналық тексеру нәтижелері бойынша халықаралық үлгідегі медициналық қорытынды береді.

ҚР ИИДМ 2019 жылдың қараша айында ХТҰ-ға қазақстандық білім беру жүйесінің сәйкестігін тануға өтінім берді. 2020 жылы құжаттарды ұйым комиссиясы қарады. Онда жеке нормативтік актілер мен оқу бағдарламаларын пысықтау қажеттілігі көрсетілген. 2021 жылғы 15 шілдеде ҚР ИИДМ Халықаралық теңіз ұйымы сарапшыларының барлық ескертулерін жойып, 2019 жылғы өтінімге қосымша түсіндірулер түрінде жаңа құжаттарды жіберіп, тексеруден сәтті өтті.

Өзгелердің жаңалығы