Отандық кәсіпкерлерді Гонконгта жұмыс істеуге шақырды

11 Наурыз 2019, 11:00
1746
Бөлісу:
Отандық кәсіпкерлерді  Гонконгта жұмыс істеуге шақырды

Астана, BAQ.KZ.  «Инвест Гонконг» агенттігінің бас директоры Стивен Филлип біркүндік сапармен Қазақстанға келді.

Оның айтуынша, Гонконгта бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ірі компаниялармен қоса,  тіпті шағын компанияларға да мүмкіндік мол. Гонконг Қазақстанмен сауда-саттық, инвестиция саласын жандандыруға ниетті.

Стивен Филлипс - Ұлыбритания азаматы болғанымен, Гонконг үкіметінде мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс істейді. Бұл басқару жүйесінің бірегейлігімен ерекшеленетін бір аспект.

«Гонконг «бір ел - екі жүйе» принципін жүзеге асыруда. Мұнда басқару жүйесі бөлек, сондай-ақ басқа да заңнамалық, атқарушылық, салықтық және қаржылық жүйелер қолданыста.
Бүгінде Гонконгтың экономикасы Қытайдан гөрі Ұлыбритания немесе Австралияға әлдеқайда ұқсас. Гонконгта британдық іс жүргізу заңы қағидаларына негізделген деп айтуға болады. Осылайша, Гонконг Ұлыбританияда, Канадада және Австралияда контрагенттермен жұмыс істеп жүрген, елеулі тәжірибесі бар қазақстандық компанияларды қабылдау үшін барынша ықыласты» - деді Стивен Филлип.

Оның айтуынша «Инвест Гонконг» заманауи қоғамдағы ең либералды және еркін экономикалық жүйенің бірі. 

«Ең алдымен, Гонконгта қарапайым және төмен салық салу тәжірибесі жүзеге асырылады. Бізде салықтың екі түрі бар: корпоративтік кірістер мен жеке табыс салығы. Компанияның пайдаға салынатын салығы алғашқы пайдасы бойынша 250 мың АҚШ долларына тең, яғни бұл 8,25% құрайды. Одан кейін 16,5% (ставка) құрайды. Жергілікті халықтың табыс салығы орташа есеппен 5,7%-ға тең. Бізде айналмалы және жанама салықтар жоқ. Сондай-ақ сатылым салығы, ҚҚС, капиталға салынатын салық, зерттеу, дивидендтер жоқ» - деді агенттіктің бас директоры.

Қазіргі уақытта экономиканың инновациялық компоненті, қызмет көрсету секторы, қаржы қызметтері, корпоративтік қызмет көрсету және тұтыну тауарларын тарату секілді салалар дамыған.

Аға кеңесші Леонид Орловтың айтуынша, бүгінгі таңда Гонконг платформасын Kazakhmys компаниясы және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес компаниялары пайдалануда.

Айта кету керек, батыс, оңтүстік және шығыс жағалауын әйгілі Оңтүстік Қытай теңізі шайып жатқан, бірнеше аралдардан тұратын аумақта дүниежүзінің ең ірі қаржы орталықтары да орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы