HighVill кеңсесіндегі өрт: Ғимаратта күзетші ғана болған

14 Ақпан 2019, 11:31
2503
Бөлісу:
HighVill кеңсесіндегі өрт: Ғимаратта күзетші ғана болған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мейрамбек Қайсанов HighVill Kazakhstan кеңсесіндегі өрт оқиғасы туралы толық ақпарат берді.

«Кеше 13 ақпанда 21 сағат 11 минутта 101 пультіне HighVill Kazakhstan ЖШС көрсетілім-көрме орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттан соң оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келіп жетті. Алғашқы күш есебі келіп жеткенде екі қабатты ғимараттың барлық периметрі бойынша қалың түтіннің қарқынды бөлінуімен ашық жану, сондай-ақ ғимараттың ішкі конструкцияларының құлағаны анықталды», - деді Қайсанов.

Оның айтуынша, ғимараттың тұрғын үй-жайларының демонстрациялық макеті жанғыш USB-панельдерден, пенопаласттан және пластиктен жасалған, бұл өрттің тез жайылуына ықпал еткен.

«Өрт сөндірушілердің дұрыс таңдалған шешімі мен үйлесімділігінің арқасында өрт сағат 22.45 кеткенде ауыздықталып, 01.42 кеткенде жойылды. Өрттің аумағы шамамен 1500 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге барлығы 25 бірлік техника және жеке құрамнан 95 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді қалалық ТЖД бастығының орынбасары.

Өрттің себебін анықтау үшін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

«Өрт ғимараттың ішінде басталған, бірақ қай жерден шыққаны туралы мәлімет жоқ . Нысан 2005 жылы пайдалануға берілген. Күзетші бізге өрт туралы хабарлады. Ол ғимаратта жалғыз және жұмыс орны ғимараттың ішінде болған. Жұмысшылардың барлығы сағат алтыда үйлеріне қайтқан. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, өрттің нақты неден шыққанын айта алмаймын», - дейді Қайсанов.

Кеше Астанада ірі өрт оқиғасы тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы