Ханзада Филипп 17 сәуірде жерленеді

10 Сәуір 2021, 22:50
1428
Бөлісу:
Ханзада Филипп 17 сәуірде жерленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II жұбайы, Эдинбург герцогі Филиппті жерлеу рәсімі 17 сәуірде өтеді.

Бұл туралы Букингем сарайына сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады.

Жерлеу рәсімі 17 сәуірде Виндзор қамалы аумағындағы қасиетті Георгий шіркеуінде өткізілмек. Бұл сәтте ел бойынша бір минуттық үнсіздік орнайды.

Эдинбург герцогінің мәйіті шіркеуге Land Rover джипінен құралған катафалк арқылы жеткізіледі. Бұл марқұмның қалауы болған екен. Оның табыты герцог гербі бейнеленген мата төсемесімен оралады, ал оның үстіне Филипптің семсері мен фуражкасы қойылады.

Бұдан бөлек жерлеу рәсіміне дейін Ұлыбритания халқы аза тұтады. Герцогтің отбасы екі апта бойы қара жамылады.


Өзгелердің жаңалығы