Халық жаңа Үкіметтен нақты нәтиже күтеді - Смайылов

12 Қаңтар 2022, 08:46
2283
Бөлісу:
Халық жаңа Үкіметтен нақты нәтиже күтеді - Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкіметтің жаңа құрамының отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз қажет. Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, сондай-ақ лаңкестер мен бұзақылар келтірген орасан зор шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ Смайылов халықтың жаңа Үкіметтен зор үміт күтетінін атап өтті.

Бұл кезең Үкімет алдында болмаған күрделі міндет. Халық жаңа Үкіметтен нақты нәтиже күтуде, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы