Халықтың сайлауға деген жауапкершілігі жоғары

4 Қаңтар 2021, 17:44
1573
Бөлісу:
Халықтың сайлауға деген жауапкершілігі жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, криминолог-ғалым Есберген Алауханов «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» атты сарапшылар талқылауы кезінде айтты. 

Алдағы күндері өтетін сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізілуде. Біз оның куәгеріміз. Қоғамдық тәуелсіз байқаушы ретінде халық арасында жүріп, осының бәрін көріп келеміз. Осы орайда айта кететін жайт, бұл сайлаудың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, Мәслихат сайлауы бойынша жергілікті жерлерде тұңғыш рет кандидаттар арасында түрлі дебаттар ұйымдастырылуда. Алғаш рет мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер партиялық тізім бойынша өтіп жатыр. Екіншіден, әлемді жайлаған коронавирус кезінде әлеуметтік арақашықтық сақтау жөнінде қатаң ескертілуде. Осыдан-ақ, халықтың сайлауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатқанын байқауға болады, - деді ол.

Есберген Алауханов үгіт-насихат жұмыстары барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, теріс қылықтар байқалмағанын айтады.

2021 жылғы сайлау өте жоғары деңгейде, жеңіл түрде өтеді деген ойдамын. Біз құқықтық сауатымыздың, мәдениетіміздің жоғары екенін көрсетіп, құқықтық тәртіп бойынша дауыс береміз деген сенімдемін, - деді ол.

Бұған дейін Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серiкбаев бұл сайлау өз уақытында өтіп жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы