Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды

4 Қараша 2021, 20:45
729
Бөлісу:
Халықаралық іздеуде жүрген есірткі тасымалдаушы Өскеменде ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлерінен 50 жастағы Өскемен тұрғыны көмек сұраған.

Белгілі болғандай, танысы оның үйінде отырған, бірақ аздан соң жанжал шығып, оны ұрып-соғып, кетіп қалған.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізді. Нәтижесінде аталған ер адамның 2021 жылдың маусым айынан бері есірткі тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені анықталды, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта 1981 жылғы азамат қамауға алынған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы