Халықаралық байқаушы сайлау учаскелерінің санын көбейтуді ұсынды

11 Қаңтар 2021, 12:33
1198
Бөлісу:
Халықаралық байқаушы сайлау учаскелерінің санын көбейтуді ұсынды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ бірлесе ұйымдастырған тәуелсіз халықаралық байқаушылармен өткен баспасөз конференциясында ТҮРКПА-ның миссиясын Құқықтық істер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Исмет Учма айтты.

Жергілікті сайлау учаскелерінде, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде де ашылған 66 сайлау учаскесінде де дауыс берілді.  

Ол өздеріңіз білетіндей, COVID-19 індетіне байланысты ОСК сайлау күні сайлау учаскелерінде әлеуметтік арақашықтық және санитайзерлерді қойып, қажетті сақтандыру шараларын сақтады.  

Біздің делегациямыз байқау бағдарламасы шеңберінде ОСК-ның төрағасымен және Сенат төрағасымен бас қосты. Кездесу барысында егжей-тегжейлі ақпарат берілді. ОСК-мен жүргізген жиында барлығы 312 үміткері бар саяси партиялар туралы ақпарат алдық. Миссия ретінде сайлауға түскен саяси партия өкілдерімен де бас қостық. Олар дайындық, науқан туралы мәліметтерін берді, - дейді Исмет Учма.
Сондай-ақ, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге оң баға берді.
Сайлау заңдарында жасалған өзгерістерден кейін сайси партиялардың сайлауға қатысу үшін қолтаңбаны 40 мыңнан 20 мыңға түсірілгенін және партия тізіміндегі әйелдер мен жастарға бөлінген квотаның 30 пайызға көтерілгенін байқадық. Бұл өте маңызды өзгеріс. Бір қоғамда жастарды және әйелдерді әлеуметтік өмірге белсенді араластыратын қоғам міндетті түрде дами түсетіні мәлім, - деп атап өтті халықаралық байқаушы.
озкан.JPG

Сондай-ақ, байқаушылар сайлау учаскелеріндегі жұмысқа тоқталды.

10 қаңтар - сайлау күні елордадағы сайлау учаскелеріне барып көрдік. Бюллетеньдерді санауға дейінгі әр түрлі байқауға қатыстық. Дауыс беру үрдісін бақылаған кезде жергілікті байқаушылар және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен де кездесу өткіздік. Өздеріңіз білетіндей, Қырғызстанда да сайлау жүріп жатыр. Сайлау барысында байқаушылар арасында партия, БАҚ өкілдерінің болғанын және мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің де байқаушы ретінде қатысып отырғанын көру біз үшін қуантарлық жағдай. Біз жүргізген байқауларымызда әйелдердің, жастардың сайлауға қызығушылық танытқанын байқадық. Дауыс беруге келген сайлаушылармен, халықпен әңгімелесу барысында олардың Қазақстанның, әлемнің болашағына байланысты заңға осындай өзгерістер енгізу мүмкіндік берілгені қуантарлық жағдай. Ос реформалардың тұрғысынан да үлес қосатыны белгілі, - деп айтты ол.

мекен.JPG

Байқаушының айтуынша, Түркі республикалары 90-жылдардан кейін тәуелсіздігін алғаннан кейін бауырлас мемлекеттер демократия жолында әлі де тәжірибесі жинақтай түседі. 

Дауыс беру өте жақсы өтті. ҚР ОСК-ның алғашқы мәліметі бойынша 11 915 903 сайлаушы бар. Бқл нақты емес ақпарат. Бір аптадан кейін нақты ақпарат алынады деп ойлаймын. Қазір қолымыздағы ақпарат бойынша 63,3 пайызы дауыс берген. Егер Еуропамен салыстыратын болсақ, өте жоғары деңгейдегі қатысу. Сол себепті біздің миссиямыздың Қазақстандағы сайлау кезіндегі байқаған жайттығ тағы бірі - сайлаушыны тіркеу үрдесінің жақсартылуы. Бұл ОСК мен Ақпарат министрлігі азаматтар үшін онлайн платформада жүйені дамытқан. Осы ақпараттар шеңберінде миссиямыз демократиялық тұрғыдан жақсы өткенін және кәсіби тұрғыдан дайындығы байқалды, - деді ол.
Халықаралық байқаушы атап өткендей, дауыс беруге келе алмаған қарт, егде адамдар үшін де жағдай жасалған. Олар үшін үйінде дауыс беру мүмкіндігі берілген.
Миссия ретінде Қазақстанда жүзеге асырған халықаралық сайлау байқауы үшін заңның жақсы дайындалғанын байқадық. Сайлау демократиялық тұрғыдан ашық, анық өткізілді. Бюллетеньдерді санаған кезде де оны байқадық. Сайлау учаскелеріндегі барлық қызметкер жиналып, бір-біріне түсіндіріп, қалай жүргізу керек, қалай санау керектігі туралы байқаушыларға нақты ақпарат берді. Бұдан кейінгі сайлауда сайлау учаскелерін көбейту қажет деген ұсыныс айтқым келеді. Яғни сайлаушының 300-400 сайлаушыны қамтитындай сайлау учаскелерін көбейту керек. Бұл санауды жеңілдетеді. ТүркПА халықаралық сайлау миссиясы әділ, ашық, объективті принциптеріне жүгіне отырып 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда жүзеге асырылған сайлаудың Қазақстан тарихында, Ата заңындағы нормаларға сәйкес жүргізілгенін нақты айта аламыз, - деп сөзін түйіндеді байқаушы.

Өзгелердің жаңалығы