Халықаралық әуе рейстері азаяды

20 Қазан 2020, 21:46
1473
Бөлісу:
Халықаралық әуе рейстері азаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес бірқатар елге халықаралық рейсті азайту туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап төмендегі елдерге ұшып баратын немесе ұшып келетін халықаралық жолаушылар рейстерінің саны азаяды:

1) Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

Өзгелердің жаңалығы