Халық Елбасы саясатының сабақтастығын қолдап дауыс бергені анық - Мәулен Әшімбаев

14 Қаңтар 2021, 10:40
2216
Бөлісу:
Халық Елбасы саясатының сабақтастығын қолдап дауыс бергені анық - Мәулен Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 10 қаңтарда  өткен Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысты пікір білдірді. 

Сайлаудың қорытындылары жарияланды. Халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Сайлау заң аясында және халықаралық стандарттарға сай өтті. Шетелдік сарапшылар мен халықаралық байқаушылар да жоғары баға беруде. Мемлекет басшысының бірқатар саяси реформасы алғаш рет осы сайлауда іске асырылғанына куә болдық. Сайлауда Nur Otan партиясы айқын жеңіске жетті. Қазақстандықтар Елбасы саясатының сабақтастығын қолдап, Президентіміз жариялаған партия бағдарламасы үшін дауыс бергені анық, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Ол бұл сайлаудың нәтижесі Қазақстанның дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Ертең 7-ші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Осылайша, еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жаңа құрамдағы Парламентпен қарсы алады. Қазіргі таңда Парламенттің алдында Елбасы мен Мемлекет басшысы белгілеп берген жалпыхалықтық міндеттер тұр. Соның бәрін нәтижелі іске асыру үшін Сенат Мәжіліспен бірге сапалы заңдар қабылдауға тиіс, - деді Сенат төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы