Гүлшара Әбдіқалықова неліктен барлық орынбасарын ер адамнан таңдағанын айтты

23 Қараша 2020, 14:05
2433
Бөлісу:
Гүлшара Әбдіқалықова неліктен барлық орынбасарын ер адамнан таңдағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова неліктен бес орынбасарын да ерлер қауымынан таңдағанын түсіндірді.

Сіз елімізде облыс басқарып отырған алғашқы әйел адамсыз. Бірақ бес орынбасарыңыз да ер адам екен. Мұның қандай артықшылығы әлде кемшілігі бар?, деп сауал жолдаған тілшілердің бірі. 

Иә, менің орынбасарларымның бәрі ер адамдар. Олардың бәрі тәжірибелі азаматтар. Өз істерінің мамандары. Аймақтарда және орталық аппаратта қызмет істеп, әбден ысылған кісілер. Сондықтан бұл жерде артықшылығы көп. Тағы бір қосарым, биыл біз алты басқармаға меритократия талаптарына сай алты әйелді басшылыққа тағайындадық. Одан бөлек, тікелей министрліктерге бағынатын облыстағы 5 департаменттің басшысы да әйел азаматтар. Бұл жерде белгілі бір баланс бар, - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қызылорда облысының әкімінің бес орынбасарының қатарында – Серік Сүлейменов, Серік Ахмет, Наурызбай Байқадамов, Бақыт Жақанов, Нұрлан Тілешев бар.

Өзгелердің жаңалығы