Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевтың отбасына көңіл айтты

4 Қыркүйек 2021, 01:10
1614
Бөлісу:
Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевтың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр елінің білім-ғылым, ағарту саласын дамытуға сүбелі үлесін қосқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаевтың дүниеден озуына байланысты отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

Бақытжан Әбдіқалықұлы ұзақ жылдар бойы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының орынбасары, ректор, облыстық білім басқармасының басшысы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры болып қызмет етті. Білім беріп, ғылымға үйретіп, тәрбиелеген шәкірттері бүгінде республикамыздың барлық аймағында лайықты еңбек етуде. Ізгі істері артында қалған ұрпағына ұлағат болсын! Асыл азаматтың жатқан жері жайлы болып, рухы пейіштің төрінде шалқысын! – деп жазды облыс әкімі. 

Өзгелердің жаңалығы