Гуайдо Венесуэла халқын ереуіл жасауға шақырды

29 Сәуір 2019, 09:17
1963
Бөлісу:
Гуайдо Венесуэла халқын ереуіл жасауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо халықты мамырдың 1-і күні ел тарихында ең үлкен шеру өткізуге шақырды, деп хабарлады "Хабар 24".

Сол арқылы Николас Мадуроға қысым көрсетіп, оны биліктен кетіруге күш салу керектігін тілге тиек етті. 

Бұған дейін Хуан Гуайдо қаңтар айында Венесуэладағы билікті уақытша қолға алатынын мәлімдеп, өзін ел басшысымын деп жариялады. Оны АҚШ бастаған әлемнің көптеген елі қолдау білдірді.

Ал өз кезегінде әскер күшіне сүйенген Николас Мадуроға Ресей, Қытай, Түркия көмектесуде. Бірақ жағдай тығырыққа тірелген. Себебі Мадуро оппозиция жетекшісі АҚШ-тың қуыршағы деп, билікті беруден бас тартуда. Ал елдегі экономикалық дағдарыс америкалық санкциялардың салдары деді.




Өзгелердің жаңалығы