​Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

2 Наурыз 2021, 17:37
2639
Бөлісу:
​Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 16 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы