Грузиядан өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді

6 Шілде 2020, 10:18
1224
Бөлісу:
Грузиядан өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тбилисиден Алматыға өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Тбилисиден Алматыға "Грузияның индустриялық тобы" Директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді. 

Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, "Грузия индустриялық тобының" басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы