Бас жаңалықтар
Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Атышулы істі грузиялық адвокат қолға алды
11 Мамыр 2021, 19:22 401

Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Атышулы істі грузиялық адвокат қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Грузиядағы «Сафари» құқық қорғау ұйымы Тбилисиде жұмбақ жағдайда қаза болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттың тегін көмегін ұсынды. 

«НеМолчи.Kz» қоғамдық қорының өкілдерінің айтуынша, бүгін таңертең Грузияның белгілі адвокаты Нино Андриашвили өз жұмысына кірісіп кетті.


Грузияда Әселдің анасына көмек көрсетіп жатқандарға алғыс айтамыз. Ол елшілік қызметкерлеріне, құқыққорғаушыларға және журналистерге қолдау білдіріп, істі назарға алғаны үшін ризашылығын білдірді. Тбилисидегі Қазақстан елшілігінің Консулдық бөлімінің қызметкерлері анасымен тәулік бойы байланыста. Олар қазір марқұмның анасымен бірге құқыққорғау органдарымен кездесулерде қасында жүр. Кеше олар оны күтіп алып, қонақ үйге орналастырды. Бүгін Әселдің анасы үшін өте ауыр күн. Себебі көптеген тергеу шарасына барады. Оған сабырлық тілейміз, - деп жазды «НеМолчи.Kz» қоғамдық қорының өкілдері.
Қор өкілдері Instagram-дағы парақшасында Әселдің құрбысына жіберген аудиожазбасы 1 сағат 12 минут 38 секундқа созылғанын хабарлады. Жазбада: Мен ұрымын. Мен көлік ұрлап, қазақтарға сатамын. Қазақстанның әр қаласында менің өз адамдарым бар. Тіпті бүкіл Еуропада да адамдарым бар. Менің ағам прокурор, әпкем депутат, өзім көлік ұрлағаным үшін 10 жыл отырып шықтым!, - деп айтқан ұсталған күдікті. Оның есімі Бесо екені анықталды.


Қоғамдық қор өкілдері Әселдің жездесі, қызды қайда шақырып жатқанын жақсы білді дейді.


Алайда Әсел көлік сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеймін деп ойлады. Әсел айыптаған Мұрат есімді азамат (жездесі  - ред) Грузиядан Қазақстанға бас сауғалап қашып, жүкті әйелінің артына тығылды. Бұл жанрдың классикасы тәрізді: зорлық көрсеткені былай тұрсын, онымен қоса аяғы ауыр әйелі де бар. Оның бір топ туысқаны марқұмның анасынан кешіруді талап етсе, таңғалмаймыз. Тіпті қаза болған адамды қайтара алмаймыз, жігіттің өмірін құртпайық, әйелі жүкті ғой деп аяушылық жасауын сұраулары да мүмкін. Бұдан бөлек, біз туысқанбыз, қазақтар бір-біріне қолдау көрсетуі керек деп те айтатын шығар. Балаларды, қыздарды, әйелдерді зорлап, олардың өмірлеріне балта шабуды қашан қоямыз? Заң аясында әркім өз ісіне жауап беруі керек шығар?, - деді қор өкілдері.

Еске салсақ, 5 мамырда Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның денесі табылғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша ол 9-қабаттан секіріп мерт болған. Зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болған қыздың өлімі көпшіліктің наразылығын тудырды. Кейіннен Әсел өлерінің алдында құрбысына аудиожазба жібергені, онда оны осындай жағдайға жеткізген адаммен әңгімесі жазылғаны анықталды. Белгілі болғандай, ол алдымен туысқанынан, кейіннен Грузия азаматынан сексуалдық зорлық-зомбылық көріп, өз-өзіне қол жұмсауға бел буған.

Бұл іске қатысты СІМ мәлімдеме жасап, қайғылы оқиға елшіліктің ерекше бақылауына алынғаны анықталды. 

8 мамырда Әселдің өліміне кінәлі адам ұсталып, Грузияның Бас прокуратурасы ұсталған күдіктіге зорлау және өзін-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу ісі бойынша айып тақты. 

Қазір марқұмның анасы Грузияда. Алайда оның әкесі айыппұлы үшін қызының мүрдесін алып кетуге бара алмағаны белгілі болды. 

Аталған іске «НеМолчи.Kz» қоры араласып, Әселдің анасына барынша қолдау көрсетіп жатқаны хабарланды. Қор өкілдері қызды зорлаған туысқанына қатысты қатаң шара қолдануды талап етті.


Фото: дереккөз
Загрузка...