Бас жаңалықтар
Грузияда жоғалған 13 жастағы жерлесімізге халықаралық іздеу жарияланды
27 Қыркүйек 2020, 11:32 115

Грузияда жоғалған 13 жастағы жерлесімізге халықаралық іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда жоғалған Ильи Пилпаниге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы zakon.kz жазды.

Илья - Алматы қаласының тұрғыны. Қыста әкесінің туыстарына Грузияның Сванета қалашығына қонаққа барған. Алайда пандемия басталып, елге оралуға мүмкіндік болмаған.

Илья 18 шілде күні велосипед тебуге шыққан. Сол күйі туыстарының үйіне оралмады. Соңғы рет оны Ленджери ауылында көрген.

Оның анасы Ксения Пилпани ұлының жоғалғанын ести сала сол жаққа аттанған. Оның айтуынша, елдің Ішкі істер министрлігі олардың Ильяны халықаралық іздеу жариялауға қатысты арызын қанағаттандырған. Ильяның ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ендігі күні оны Интерпол іздестіруде.



Фото: дереккөз
Загрузка...