Бас жаңалықтар
Грузияда екі балалар үйі бар
21 Қараша 2019, 14:23 2657

Грузияда екі балалар үйі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның бірі Тбилисиде болса,  екіншісі Коджори қаласында орналасқан, деп жазды "Хабар 24" сайты.

Ал ертеректе бұл елде қамқорсыз қалған бүлдіршіндерді тәрбиелейтін 47 мекеме болған еді. Бірақ соңғы жылдары мемлекет олардың санын қысқартып, өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасы тәрбиесін беруге күш салып келеді. 2000 жылдардың басында Грузияда 5000-нан аса бала балалар үйінде тәрбиеленді. Сол кезде мейірімге мұқтаж бүлдіршіндердің тек 2 проценті ғана тұл жетім болған. Ал қалған 98 процентін әлеуметтік жетімдер құрады. Бірақ зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұндай мекемелерде өсетін жәутеңкөздер қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптаса алмайды.
Осыған байланысты шенеуніктер ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың тәлім-тәрбиесіне жіті көңіл бөле бастады. Себебі балалар өз бетінше өмір сүруге дайын емес болып шықты. Бұған қоса, алған білімдері де өте төмен екені анықталды. Сондықтан осы бір түйткілді шешудің жаңа жолдарын қарастыру туралы шешім қабылданды, - деді балалар мен жастар коалициясының қызметкері Саломе Чичинадзе. 
чич.jpg

Бүгінгі таңда Грузияда 2 мыңға жуық бала мемлекеттің қарауында. Олардың басым бөлігін отбасылар асырап алған. Тағы 450-дей бүлдіршін отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ал 80 бала – ескі типтегі жетімдер үйінде өсіп келе жетқан мүмкіндігі шектеулі жандар. Сондықтан жергілікті билік өкілдері қазіргі уақытта балалардың биологиялық ата-аналарымен тығыз жұмыс жасап жатыр. Яғни мемлекет балалардың өз жанұяларына оралып, қаржылай қолдау көрсетуге барын салуда. Бірақ бұл елде бала асырап алудың машақаты көп.
Бұл Грузия үшін өткір мәселе. Себебі қамқорсыз қалған балалардың саны елімізде осыншалықты көп болған емес. Десе де, оларды бауырына басқысы келіп жүргендер де жеткілікті, - деді  балалар мен жастар коалициясының қызметкері Саломе Чичинадзе.
Грузияда жыл сайын 250-ге жуық бала жаңа отбасын табады. Ал перзент асырап алуға ниеттілердің қатары мыңнан асады.





Фото: дереккөз
Загрузка...