Бас жаңалықтар
Гриль ішіне телефон тығып өткізбек болған
24 Қараша 2020, 02:36 887

Гриль ішіне телефон тығып өткізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте түрмеге сәлемдеме арқылы телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 (қауіпсіздігі барынша жоғары) әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде, мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған «Samsung» маркалы қара түсті ұялы телефон мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған.

Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны қамауда отырған азаматшаға жеткізбек болған.

Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттама толтырылды.



Фото: дереккөз
Загрузка...