Греция билігін алғаш рет әйел тізгіндеді

22 Қаңтар 2020, 17:41
2020
Бөлісу:
Греция билігін алғаш рет әйел тізгіндеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екатерина Сакелларопулу Греция президенті болып сайланды, деп хабарлады РИА Новости.

Сакелларопулудың кандидатурасын елдің парламенті бекітті. Ол 200-ден астам дауыс жинаған. Осылайша, Греция мемлекетінің басшы қызметін алғаш рет әйел атқарады. Бұған дейін, Сакелларопулу мемлекеттік кеңестің (Жоғарғы сот) төрағасы болған. Сонымен қатар, ол Евроодақ құрылымындағы сот лауазымында да жұмыс істеген.

Уикипедиядағы мәліметтерге сүйенсек, Греция — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 жылы 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). 

2019 жылы жазда Грецияның премьер-министрі болып, "Новая демократия" партиясының лидері Кирьякос Мицотакис сайланған болатын. 

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанда Финляндия парламенті 34 жастағы Санна Маринді елдің премьері етіп сайлауға қолдау білдірді. Марин Финляндияда ғана емес, бүкіл әлемдегі ең жас премьер-министр атанды. Оның министрлер кабинетінде - 7 ер адам мен 12 әйел жұмыс істейді. Мемлекеттің парламентінде әйелдер 5 басшылық қызметтің төртеуін атқарып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы